06.10.2023 жылы Астана қаласында «ТехноГруппСервис» ЖШС Компаниялар тобының өкілдері Жанар Нұрқанова және Шындаулет Қасымханов KAZENERGY ұйымдастыруымен өткен, жалпы жүлде қоры 3 000 000 теңге энергетика саласындағы стартаптарға арналған байқауға қатысты. Қызметкерлердің идеясы төрт іріктеу кезеңінен өтіп, 1 000 000 теңге жүлде қорымен энергия тиімділігі саласындағы үздік стартап номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Идеяның негізіне ЖЭК станцияларының энергия өндірісін бір тәулік бұрын болжау - Intech Forecast бойынша егжей-тегжейлі жұмыс алынды. Қазылар алқасы Қазақстанда және де одан тыс жерлерде электр энергиясы мен қуат нарығының тиімділігін арттыру үшін таңдалған жұмыстың өзектілігін бағалады. Стартапты пысықтау және теңшелген шешімдерді қолдану мүмкіндігі болған жағдайда оның бәсекеге қабілетті болуына барлық мүмкіндігі бар.
Байқауды ұйымдастырушылар «Kazenergy» және Astana Hub мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығына энергетика саласының серпінді және тұрақты дамуына және «жасыл энергетика» жобаларына жәрдем көрсеткендері үшін шын жүректен алғысымызды білдіргіміз келеді.