Бастамашысы «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС және «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС болып табылатын әлеуметтік жоба аясында 14.09.2023 жылы Жезқазған қаласының көпбалалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалардың мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Жезқазған қаласының маңындағы «Кеңгір» күн электр станциясына таныстыру сапарымен келді. Бұл экскурсияның негізгі мақсаты жас қазақстандықтарды ЖЭК технологияларының дамуымен таныстыру, елімізде «жасыл» энергия өндірудің табиғи мүмкіндіктері қаншалықты көп екенін балаларға көрсету және қызығушылықты ояту, энергияның осы түріне көшудің маңыздылығын түсіндіру болып табылады.
«ТехноГруппСервис» ЖШС өкілі Валерий Коноплев электр энергетикасы индустриясындағы соңғы жаңалықтар, жаңартылатын энергия көздері - сарқылмайтын көздерден алынатын энергия, ҚР ЖЭК дамуының маңыздылығы туралы айтып өтті. Күн энергиясын дамыта отырып, біз қуат тапшылығын жеңіп қана қоймай, экологиялық мәселелерді де шешеміз. Экскурсия барысында балаларға түскі ас ұйымдастырылды. Жас қазақстандықтар ЖЭК жобаларының ауқымы мен мүмкіндіктеріне қатты қызығушылық танытты. Белгілі болғандай, экскурсияға Жезқазған қаласының Энергетикалық колледжінің оқушысы қатысқан, ол ЖЭК тақырыбы бойынша өте қызықты сұрақтар қойды.
«ТехноГруппСервис» ЖШС ұжымы «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС-не және «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-не өскелең ұрпақ арасында тұрақты даму идеяларын ілгерілеткені, оларға сыйлаған қуаныш сәттері мен жаңа әсерлері үшін алғыс білдіреді. Мұндай әлеуметтік жобалар көп болады деп үміттенеміз, өйткені мұндай экскурсияларда алынған білім ЖЭК-ті одан әрі зерттеу үшін серпін бола алады, сондай-ақ мамандық таңдауға да себін тигізеді.