2024 жылдың 11 қыркүйегінде Астанада BSG компаниясының ұйымдастыруымен және «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы мен Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының қолдауымен III Халықаралық Отын-энергетикалық Саммит өтті. Іс-шара мұнай-газ және энергетикалық компаниялардың өкілдерін, мемлекеттік құрылымдар мен сарапшылар қауымдастығының мүшелерін және сервистік компанияларды бір арнаға тоғыстырды.
Саммиттің негізгі сессияларының бірі «Отын-энергетикалық кешеннің экологиясы мен қауіпсіздігі» тақырыбына арналған пікірталас болды, оны «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының директорлар кеңесінің мүшесі, «ТехноГруппСервис» ЖШС серіктесі Жомарт Момынбаев жүргізді. Сессия барысында энергетика саласындағы экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаға келтіретін қауіп-қатерлерді азайтуға бағытталған инновациялық технологияларды енгізу мәселелері қарастырылды. Қатысушылар зиянды қалдықтарды азайту шаралары мен саланың экологиялық сын-қатерлерге төзімділігін арттыру жолдарын талқылады.