COP 29: Климаттың өзгеруі туралы білім беруді дамыту

COP 29: Климаттың өзгеруі туралы білім беруді дамыту

2024 жылдың 11-22 қарашасы аралығында Әзірбайжанның Баку қаласында Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ-ның Негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-конференциясы (COP 29) өтуде. Бұл конференция әлемдік көшбасшыларды, сарапшылар мен бизнес өкілдерін біріктіріп, климаттың өзгеруі туралы білім беру мен ақпараттандыру бастамаларына ерекше назар аударды.

Осы бағытты ұстана отырып, 18 қараша күні Катар павильонында «Enhancing Climate Change Education, Awareness, and Action» атты сессия өтті. Бұл шарада ТехноГруппСервис ЖШС Қадағалау кеңесінің төрағасы Жомарт Моминбаев БҰҰ Global Green Growth Institute (GGGI) ұйымының шақыртуымен баяндамашы ретінде қатысып, компанияның тұрақты бизнес стратегияларын климаттық біліммен интеграциялау тәжірибелерін ұсынды.

Өз баяндамасында Ж. Моминбаев университеттер мен жастармен жұмыс істеу тек ақпараттандыру әдісі ғана емес, сонымен қатар жергілікті қоғамдастықтарды жұмылдыру және тұрақты шешімдерді ілгерілету құралы екенін атап өтті. Компания Қазақ-Британ Техникалық Университетімен (ҚБТУ), Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебімен (НУ ВШБ) және Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетімен белсенді ынтымақтасады.

2023 жылы ТГС Назарбаев Университеті ВШБ MBA бағдарламасының «Көшбасшылық және кәсіпкерлік» курсы үшін «TGS: in search of Blue Ocean in renewable energy sector of Kazakhstan» атты білім беру кейсін жасап шығарды. Бұл жоба жасыл технологияларды танымал етуге бағытталып, әртүрлі жастағы топтарға арналған білім беру бастамаларына, семинарлар мен тренингтерге қатысуда.

Баяндама барысында ESG бастамаларының және тұрақты қаржыландырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды, олар климаттық жауапкершілікті нығайтып, білім беру жобаларын іске асыруда жаңа мүмкіндіктер ашады. Ж. Моминбаев GRI стандартының Climate Change Education, Awareness, and Action бөлігін нақтылау бизнеске климаттық өзгерістерге бейімделіп қана қоймай, оларды шешуде қозғаушы күш болуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Катар павильонындағы сессиялар қорытындысы бойынша ТГС компаниясы мен Катар Даму Қорының (Qatar Fund For Development, QFFD) өкілдері кездесу өткізді. QFFD-тің негізгі міндеттерінің бірі — үлкен нәтижелерге қол жеткізу үшін жергілікті және халықаралық ынтымақтастықты нығайту. ТГС пен QFFD жасыл технологиялар мен білім беру бастамалары бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.