2023 жылдың 12 қыркүйегінде Астана қаласында «Ақорда» резиденциясында өткен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтіңен іскерлік кездесуіне «ТехноГруппСервис» ЖШС серіктесі Момынбаев Ж.Б. қатысты. «ТехноГруппСервис» ЖШС жаңартылатын энергетика саласының жалғыз өкілі болды, бұл компанияның өсу әлеуетін және билік органдарының электр энергиясын өндіру саласында жүзеге асырылып жатқан жобаларға, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздер (ЖЭК) жобаларна отандық өңдеу өнеркәсібін дамытуына деген сенімділігін көрсетеді.
қазақстандық бизнес өкілдерімен кездесуі барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыру мақсатында оларға көзқарасты қайта қарауды тапсырды. Жаңа «ойын ережелерін» және жаңа экономикалық саясатты жариялады. Президент ресурстардың аз кәсіпорындар арасында шамадан тыс шоғырлануын болдырмау және олардың тиімділігін бағалау үшін қолдау шараларын алушылардың ашық бірыңғай тізілімін құру қажеттігін көрсетті. Сондай-ақ Президент Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға 7 триллион теңге субсидияланғанын, сонымен қатар салық түсімдері небәрі 4,5 триллион теңгені құрағанын айтты.
Билік пен бизнес арасында құрылымды сұхбат болды, - деп Жомарт Момынбаев өз әсерімен бөлісті, - ел Президенті нарықтық экономикаға және мемлекет пен кәсіпкерлер арасында жаңа «әлеуметтік келісімшартты» жасауға бағыт ұстап тұр. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау арқылы мемлекеттік компанияны қолдау 2021-2022 жылдар арналығында 28,7 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, «ТехноГруппСервис» ЖШС осы кезеңде салық аударымдары 1 млрд. теңгеден астам соманы құрады, бұл біздің айтарлықтай экономикалық тиімділігімізді дәлелдейді - деді Момынбаев Ж.Б.
Біз Ұлытау облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлына және «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасына Жоғары деңгейдегі кездесуге қатысуға мүмкіндік бергендері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.