Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын (ЖЭС) салу жобасы аясында «ТехноГруппСервис» ЖШС 20 000 га алаңда жел энергиясының потенциалын зерттеуге кіріседі. Серіктестік жобаны іске асыруға қолдау көрсеткені үшін Ұлытау облысының және Жаңаарқа ауданының басшылығына шын жүректен алғысын білдіреді.
1 ГВт ЖЭС жобасын іске асыру «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Мемлекеттік Тұжырымдама аясында жүзеге асырылады, Серіктестіктің жарғылық мақсаты ЖЭК көздерін Қазақстан мен Орталық Азияның энергия жүйесінде электр энергиясын өндірудің негізгі көзіне айналдыру болып табылады. Тұжырымдамаға сәйкес, Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесі 2030 жылға қарай 15% құрауы тиіс. Президенттің Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауына сәйкес - қуат көздерін кеңейту ісі энергетикалық машина жасау саласында технология трансфертін жүзеге асырып, жергілікті өндірісті дамытуға, аккумулятор өнеркәсібін құруға негіз болады.
1 ГВт ЖЭС жобасын іске асыру компанияның ESG саясатына және «ТехноГруппСервис» ЖШС қызметінің негізгі бағыттарына, атап айтқанда тұрақты даму мүддесіндегі білімге, технологиялық инновацияларға, гендерлік теңдікке, мүдделі тараптармен ынтымақтастыққа және Серіктестіктің GBF-де көрсетілген БҰҰ № 4, 5, 7, 8, 9, 12, 13, 17 ТДМ қамтитын болашақ серіктестіктерге сәйкес келеді. Мәселен, жаңа жел энергиясы объектісін іске асыру барысында 300-ден астам жаңа жұмыс орны құрылатын болады: құрылыс сатысында 300 адам, ал сервистік қызмет көрсету сатысында-80 адам. Жоба кадрлары ретінде негізінен жергілікті тұрғындарың арасынан мамандар тартылатын болады.
1 ГВт жел электр станциясын салудың бұл жобасы мақтан тұтарлық жоба болып табылады және ЖЭК жел жобалары саласында компанияның одан әрі өсуін ынталандырады. Бұл жоба Қазақстанның «жасыл» энергетикасының жаңа дәуірінің белгісі және бір мезгілде Қытайдың осы сала көшбасшыларымен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.