«ТехноГруппСервис» ЖШС өкілдерінің Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттікте директоры Талантбек Имановпен  Ыстықкөл облысында күн электр станциясының құрылысы  жөніндегі кездесуі.

«ТехноГруппСервис» ЖШС өкілдерінің Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттікте директоры Талантбек Имановпен Ыстықкөл облысында күн электр станциясының құрылысы жөніндегі кездесуі.

27.09.2023 ж. ҚР Президенті жанындағы Инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттікте «ТехноГруппСервис» ЖШС өкілдері Жомарт Момынбаев, Қанат Әбенов ҚР ИҰА  директоры Талантбек Имановпен және «Кун Булагы» ЖШҚ компаниясының өкілдерімен Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысындағы «Қуаты 50 МВт «Күн Бұлағы» күн электр станциясының құрылысы» жобасының іске асырылу барысын талқылау үшін кездесу өткізді.  Жоба ЖЭК-ті жедел дамыту және Қырғыз Республикасында энергия тапшылығын төмендету, «жасыл» энергияға сұранысты қанағаттандыру мақсатында әзірленді. Естеріңізге сала кетейік, инвестицияның жалпы сомасы $30 млн-нан асады, ал құрылыс Ыстықкөл облысының Торы-айғыр ауылы аймағында жоспарлануда.

Инвесторлар жобаның іске асырылуы және жобаның осы кезеңіндегі мәселелер туралы ақпарат берді. Ұлттық агенттіктің директоры осы инвестициялық жобаны іске асырудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

«Күн электр станциясының құрылысы - бұл энергетикадағы жаңалық, және Ұлттық агенттік жобаны қысқа мерзімде іске асыру үшін барынша қолдау көрсетуге мүдделі», - деп атап өтті Т. Иманов.

Өз кезегінде «ТехноГруппСервис» ЖШС өкілдері келешекті инвестициялық жобаны іске асыруға толық дайын екендіктерін растады.