11.09.2023 жылы бастамашысы «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС және «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС болып табылатын әлеуметтік жоба аясында Балқаш қаласының көпбалалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалардың мектеп-интернатының тәрбиеленушілері 50 МВт «Балқаш» Күн электр станциясына таныстыру сапарымен келді. «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Балқаш өңірінің өміріне белсенді ат салысып келеді. Бұл экскурсияның негізгі мақсаты жас қазақстандықтарды ЖЭК технологияларының дамуымен таныстыру, елімізде «жасыл» энергия өндірудің табиғи мүмкіндіктері қаншалықты көп екенін балаларға көрсету және қызығушылықты ояту, энергияның осы түріне көшудің маңыздылығын түсіндіру болып табылады.
«ТехноГруппСервис» өкілі Талғат Басалов электр энергетикасы индустриясындағы соңғы жаңалықтар, сарқылмайтын Жаңартылатын энергия көздерін дамытудың маңыздылығы туралы айтып өтті. Кейінірек экскурсияны ұйымдастырушылар балаларды түскі асқа шақырды. Жас қазақстандықтар ЖЭК жобаларының ауқымы мен мүмкіндіктерінен шабыт алды.
«ТехноГруппСервис» ЖШС ұжымы «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС-не және «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-не өскелең ұрпақ арасында тұрақты даму идеяларын ілгерілеткені, оларға сыйлаған қуаныш сәттері мен жаңа әсерлері үшін алғыс білдіреді. Мұндай әлеуметтік жобалар көп болады деп үміттенеміз, өйткені балаларға жасалған жақсылық әрқашан игілікке айналады.