Ағымдағы жылдың 26 қазанында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, "ТехноГруппСервис" Серіктестігі Жомарт Моминбаев және Sinohydro Engineering Bureau Machineryand Equipment Co. Ltd. (PowerChina еншілес компаниясы) басшысы ГуоПингжун мырза ЖЭК саласындағы екі ірі жобаны дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бірінші жоба-Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында қуаты 1 ГВт ЖЭС салу. Ол үшін жергілікті билік 20 000 гектар жер телімін бөлді, онда жақын арада жел энергиясының әлеуетін өлшеу басталады. Осы объектімен электр энергиясын өндіру жылына 3,4 млрд. кВт * сағ көлемінде жоспарлануда, тартылатын инвестициялардың мөлшері 1 млрд.АҚШ долларына дейін құрайды.
Екінші жоба жел қондырғылары мұнараларының көтергіш металл элементтерін өндіруді ұйымдастыруға бағытталған. Зауыттың өнімділігі жылына 100 мұнараны немесе 800 МВт-қа дейін ЖЭС қуатын құрайды. Зауыт үшін Жезқазған қаласының индустриялық аймағында ауданы 20 га жер учаскесі бөлінді, онда жақын арада инженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстары да басталады. Тартылатын инвестициялардың көлемі 25 млн.АҚШ доллары Болашақ зауыттың капсуласын салу рәсімі Ұлытау облысы басшылығының қатысуымен өтті.
Ағымдағы жылдың тоғыз айында ЖЭК объектілері өндірген электр энергиясының көлемі электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде 4,9 млрд.кВт*сағ құрады, бұл 5,97% - ға сәйкес келеді. ЖЭК объектілерінің 2023 жылғы 9 айда электр энергиясын өндіруін ұлғайту 2022 жылғы 9 аймен салыстырғанда 25% құрайды.