2023 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу құрметіне Қырғыз Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі Қазақстан мен Қырғызстанның Ұлттық әнұрандарымен ашылған ресми қабылдауды ұйымдастырды.
Аталған іс – шара аясында "ТехноГруппСервис" ЖШС Серіктесі Моминбаев Жомарт Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Сыртқы істер министрі-Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Мұрат Нұртілеуздің алғыс хатымен марапатталды.
50 МВт "Күн Бұлағы" КЭС құрылысының жобасы кейіннен 300 МВт-қа дейін кеңейтіле отырып, "ТехноГруппСервис" ЖШС Қырғыз Республикасының Энергетика министрлігімен бірлесіп "Таза Энерджи" ЖШҚ-мен іске асырылуда. Қазіргі уақытта жобаның инвестиция алдындағы кезеңі аяқталып, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін оның құрылысы басталады.
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рапиль Жошыбаев Қазақстан мен Қырғызстан тәуелсіз даму жылдарында ғасырлар бойғы достық пен тату көршілік байланыстарының мызғымастығын көрсеткенін атап өтті, бұл Мәңгілік достық туралы шартта (1997 ж.) және Одақтастық қатынастар туралы шартта (2003 ж.) расталады. Ол қалыптасқан сенімді қатынастарды және барлық деңгейлерде сақталатын саяси диалогтың серпінді бағытын жоғары бағалады. Өткізу пункттерін жаңғырту және реконструкциялау, сондай-ақ Қазақстан-Қырғыз шекарасында индустриялық сауда-логистикалық кешен салу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар атап өтілді, бұл біздің елдеріміз арасындағы жүк тасымалдау көлемін едәуір ұлғайтуға және сауда ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қырғызстан Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары Касымалиев Адылбекот екіжақты қатынастардың жоғары деңгейі мен екі мемлекет қызметінің барлық салаларында тығыз қолдауды атап өтті.