2023 жылғы 14 қарашада «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ (ҚБТУ) Материалтану және жасыл технологиялар мектебінің Индустриялық комитетінің (ИК) отырысы өтті, отырысқа Мектеп Деканы профессор, ф.-м.ғ.д. Н.Б.Бейсенханов, «ТехноГруппСервис» ЖШС серіктестері Ж.Б.Момынбаев және К.Г.Әбенов, сондай-ақ шақырылған ИК мүшелері қатысты.
Материалтану және жасыл технологиялар мектебі (МжЖТМ) ҚБТУ-да баламалы энергетика және нанотехнологиялар зертханасы және перспективалы материалдар мен технологиялар зертханасы негізінде құрылған. Нанотехнология ғылым мен техниканың іргелі және қолданбалы бағыттарының түйіскен жерінде орналасқан пәнаралық саланы қамтиды. Бағыт өзекті болды, өйткені ол наноөлшемді деңгейде материалдардың құрылымын қалыптастыруға және наноматериалдардың қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік береді, осылайша олардың әртүрлі салалар мен ғылымға интеграциялануына ықпал етеді. Нанотехнологияларды пайдалана отырып, фотовольтаика сияқты жаңартылатын энергетиканың осындай бағыттары әзірленуде.
Отырыста «Электр энергетикасы саласын кадрлармен қамтамасыз ету» баяндамасымен «КОРЭМ» АҚ жобаларды дамыту және цифрлық трансформация бойынша сарапшысы PhD докторы А.А. Саухимов сөз сөйледі. Баяндамашы саладағы кадрлар тапшылығы тақырыптарына, кәсіби стандарттарға, лауазымдық позицияларға және «КОРЭМ» АҚ әзірлеп жатқан Энергетиканың цифрлық платформасына егжей-тегжейлі тоқталды. Материал аса жоғары қызығушылықты тудырды, өйткені өндірістік практикадан өту, дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау және МжЖТМ түлектерін одан әрі жұмысқа орналастыру мәселелері Индустриялық комитет үшін аса өзекті мәселе болып табылады.
Отырысты қорытындылай келе, МжЖТМ Индустриялық комитетінің төрағасы Ж.Б.Момынбаев түлектердің жұмысқа орналасу пайызын 94%-ға дейін арттыру үшін МжЖТМ студенттерінің арасында сауалнама жүргізу қажеттілігін атап өтті, бұл «ҚБТУ»АҚ Энергетика және мұнай-газ индустриясы мектебінің ағымдағы үздік нәтижесіне сәйкес келеді.