ЭКСПО-2025

ЭКСПО-2025 көрмесі 13 сәуірде ашылып, 13 қазанға дейін жалғасады. Көрме Жапонияның Осака шығанағындағы жасанды Юмешима аралында (жапон тілінен аударғанда — «Армандар аралы») өтіп жатыр. Бұл Осака қаласында өтіп жатқан екінші көрме. Алғашқы ЭКСПО Осакада 1970 жылы өткен болатын. 2017 жылы бұл көрмені өткізуге үміткер қалалар қатарында Париж (Франция), Баку (Әзербайжан) және Екатеринбург (Ресей) болған.

Көрменің тақырыбы — «Болашақ қоғамды бірге құру». Негізгі бағыттары — жасанды интеллект, ғарышты зерттеу және тұрақты даму.

Сәуір айының бірінші онкүндігінде "ТехноГруппСервис" ЖШС өкілдері халықаралық ЭКСПО-2025 көрмесіне барды. Сапар аясында компания өкілдері Қазақстан Республикасының павильонының сәулеттік және тұжырымдамалық мазмұнымен танысты. Аталған павильонда қыркүйек айында компания өз әзірлемелерін ұсынатын болады.

Ұлттық экспозицияға қатысу туралы шақыруды Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы (ЖТжИЖХО) жолдады. "ТехноГруппСервис" ЖШС ұсынатын шешімдер Қазақстанның тұрақты даму, цифрландыру және жасыл технологиялар салаларындағы әлеуетін танытатын бірлескен экспозицияның бір бөлігі болады.

Осакадағы ЭКСПО-2025 көрмесі 150-ден астам елдің қатысушыларын біріктіріп, халықаралық диалог пен технологиялық алмасудың маңызды алаңына айналды. "ТехноГруппСервис" ЖШС барлық серіктестер мен мүдделі тараптарды ЭКСПО-2025 Қазақстан павильонына келуге шақырады.


Халықаралық экологиялық форум

2025 жылғы 22 сәуірде Алматы қаласында Орталық Азиядағы жаңартылатын энергия көздерін енгізу жөніндегі Халықаралық қоғамдық бірлестік ұйымдастырған “Орталық Азияның тұрақты дамуы: жаһандық өзгерістер жағдайындағы экологиялық сын-қатерлер мен шешу жолдары” атты Халықаралық Орталық Азиялық экологиялық форум аясында экономика ғылымдарының докторы, ЖШС ТехноГруппСервис Бақылау кеңесінің төрағасы Жомарт Байзақұлы Момынбаев сөз сөйледі.

«Қазақстанда фотоэлектрлік модульдер өндірісін ұйымдастыру» тақырыбындағы баяндамасында ол күн панельдерін өндірудің толық циклін елде қалыптастыру стратегиясын ұсынды, бұл ретте жетекші халықаралық компаниялардың тәжірибесі ескерілген. Ол технологиялық тәуелсіздікке, локализацияға және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдау шараларына ерекше назар аударды.

Жомарт Момынбаев осы бастамаларды іске асыру Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін енгізуді жеделдетуге, өнеркәсіпті дамыту мен жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ өңірдің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, ол әлемдік фотоэлектрлік модульдер өндірісінің көшбасшыларына айналған, ғалымдар негізін қалаған компаниялардың мысалдарын келтірді.


NU GSB ХҚКК отырысына қатысу

2025 жылғы 19 сәуірде Астана қаласында Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің (NU GSB) Халықаралық консультативтік кеңесінің (IAB) отырысы өтті. Кездесу NU GSB-нің даму бағыттары мен ықтимал құрылымдық өзгерістеріне арналды. Отырысқа IAB мүшесі, ЖШС ТехноГруппСервис Бақылау кеңесінің төрағасы Жомарт Момынбаев қатысты.

Кездесу барысында Мектеп құрылымын оңтайландыру бойынша ұсыныстар қарастырылып, оның академиялық тиімділігін, халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және сыртқы ортадағы өзгерістерге төзімділігін арттыру жолдары талқыланды. Талқылау нәтижесінде қатысушылар NU GSB атауы мен ағымдағы ұйымдық құрылымын сақтау орынды деген бірыңғай пікірге келіп, Университет басшылығы мен Қамқоршылық кеңесіне ресми өтініш жолдау туралы шешім қабылдады.

Бұл шешім түлектер қауымдастығының (Alumni) GSB NU-дің Орталық Азиядағы бизнес-білім саласындағы жетекші білім және зерттеу орталығы ретіндегі беделін нығайту мен дамытуға деген адалдығын көрсетеді. ChatGPT-ден Орталық Азиядағы үздік бизнес мектеп қайсысы деп сұрасаңыз, бірінші болып NU GSB-ті атайды. Сонымен қатар, NU GSB 2005 жылдан кейін ашылған әлемдік Топ-5 бизнес мектептер қатарына енген.


20 МВт СЭС жобасы үшін жасыл қаржыландыру

ЖШС ТехноГруппСервис-тің еншілес компаниясы болып табылатын BK Energy Limited жекеменшік компаниясы 20 МВт күн электр станциясын салуға арналған жасыл облигациялар шығару үшін AIX биржасынан қолдау алды.

Бүгінгі таңда жоба белсенді іске асыру кезеңінде: жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған, барлық қажетті рұқсаттар рәсімделген, жыл сайын индекстелетін тарифпен 20 жылдық оффтейк-келісімшартқа қол қойылған.

Қаржы нарығы құралдарын, оның ішінде Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-пен (қазіргі таңда келіссөз сатысында) серіктестікті пайдалану жобаны тұрақты қаржыландырудың үздік халықаралық тәжірибелерімен іске асыруға мүмкіндік береді.

Бұл бастама 2024–2033 жылдарға арналған «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның даму стратегиясына толық сәйкес келеді және Қазақстанда экологиялық таза инвестицияларды ынталандыру мен жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға бағытталған.