"ТехноГруппСервис" ЖШС серіктесі Жомарт Моминбаев 03.12.2023 жылы БАӘ, Дубай қаласында өткен БҰҰ климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік конвенциясының 28-ші халықаралық конференциясында сөз сөйледі. Ж. Моминбаев Орталық Азия елдері үшін "жасыл" питчингте: Тұрақты дамуға және климаттың өзгеруіне тұрақтылыққа инвестициялар тақырыбында сөз сөйлеу үшін шақырылған спикерлер қатарына кірді. Сондай-ақ, спикерлер ретінде "Даму" КДҚ" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ, "ХЖТжИЖО" КЕАҚ, ЕАДБ және т. б. басшылық өкілдері сөз сөйледі.
Сессияның ресми ашылуы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді қолдаудағы құттықтау сөзімен сүйемелденді. Қырғыз Республикасының Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі Мелис Тургунбаев та құттықтау сөз сөйледі. Сессияға Өзбекстанның экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов қатысты.
СОР 28-де " жасыл " питчингті өткізудің мақсаты Қырғыз Республикасында "Күн Бұлағы" 50 МВт КЭЖ салу жобасын қаржыландыру үшін инвестициялар тарту болды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "ТехноГруппСервис" ЖШС жасыл облигациялар саласындағы саясатты (GBF) бекітіп, екінші тараптың (SPO) Пікірін алған болатын.
СОР 28 халықаралық қатынастарды дамытуда және климаттық дағдарысты еңсеру жолында мемлекеттік және жеке ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқарады, мысалы, жаһандық температураның 1,5°C-қа дейін көтерілуін шектеу, осал қауымдастықтарға климаттың өзгеруінің әсеріне бейімделуге көмектесу және 2050 жылға қарай таза нөлдік шығарындыларға қол жеткізу. СОР 28-ге БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына мүше мемлекеттерді қоса алғанда, 70 000-нан астам делегат қатысты, олардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылады.
"ТехноГруппСервис" ЖШС "Астана" халықаралық қаржы орталығы (GFC IFCA) жанындағы жасыл қаржы орталығына, Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығына (CAREC) және БҰҰ даму бағдарламасына СОР 28 шақырғаны үшін алғыс білдіреді.