ШҰАА ресми сапар

ШҰАА ресми сапар

5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Үрімші қаласында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАА) партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен кездесті. Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері мен ынтымақтастықты күшейтудің болашағын талқылады.

ШҰАА Қытайдың барлық аймақтары ішінде Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып табылады, бұл өңір екіжақты тауар айналымының жартысына жуығын құрайды. Өткен жылы ШҰАА-мен сыртқы сауда көлемі 62%-ға өсіп, $20,3 миллиардқа жетті. 2024 жылдың 9 айында Қазақстан мен ШҰАА арасындағы тауар айналымы 22,46%-ға артып, $17,67 миллиардқа жетті.

Делегация құрамында «TechnoGroupService» ЖШС Қадағалау кеңесінің төрағасы Моминбаев Ж.Б. да болды. Ол Алматы қаласындағы «PIT Alatau» АЭА аумағында өнеркәсіптік энергия сақтау жүйелерін өндіру саласында ынтымақтастық туралы қытайлық энергетикалық инжиниринг корпорациясы Sieyuan-мен келісімге қол қойды.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы