COP 28 инвестициялық питчингке қатысу

"ТехноГруппСервис" ЖШС серіктесі Жомарт Моминбаев 03.12.2023 жылы БАӘ, Дубай қаласында өткен БҰҰ климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік конвенциясының 28-ші халықаралық конференциясында сөз сөйледі. Ж. Моминбаев Орталық Азия елдері үшін "жасыл" питчингте: Тұрақты дамуға және климаттың өзгеруіне тұрақтылыққа инвестициялар тақырыбында сөз сөйлеу үшін шақырылған спикерлер қатарына кірді. Сондай-ақ, спикерлер ретінде "Даму" КДҚ" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ, "ХЖТжИЖО" КЕАҚ, ЕАДБ және т. б. басшылық өкілдері сөз сөйледі.

Сессияның ресми ашылуы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді қолдаудағы құттықтау сөзімен сүйемелденді. Қырғыз Республикасының Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі Мелис Тургунбаев та құттықтау сөз сөйледі. Сессияға Өзбекстанның экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов қатысты.

СОР 28-де " жасыл " питчингті өткізудің мақсаты Қырғыз Республикасында "Күн Бұлағы" 50 МВт КЭЖ салу жобасын қаржыландыру үшін инвестициялар тарту болды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "ТехноГруппСервис" ЖШС жасыл облигациялар саласындағы саясатты (GBF) бекітіп, екінші тараптың (SPO) Пікірін алған болатын.

СОР 28 халықаралық қатынастарды дамытуда және климаттық дағдарысты еңсеру жолында мемлекеттік және жеке ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқарады, мысалы, жаһандық температураның 1,5°C-қа дейін көтерілуін шектеу, осал қауымдастықтарға климаттың өзгеруінің әсеріне бейімделуге көмектесу және 2050 жылға қарай таза нөлдік шығарындыларға қол жеткізу. СОР 28-ге БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына мүше мемлекеттерді қоса алғанда, 70 000-нан астам делегат қатысты, олардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылады.

"ТехноГруппСервис" ЖШС "Астана" халықаралық қаржы орталығы (GFC IFCA) жанындағы жасыл қаржы орталығына, Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығына (CAREC) және БҰҰ даму бағдарламасына СОР 28 шақырғаны үшін алғыс білдіреді.


SPECA халықаралық көрмесіне қатысу

2023 жылғы  қарашаның 21-25 аралығында Бакуде БҰҰ-ның Орталық Азия және Әзірбайжан елдерінің экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының (SPECA) 25 жылдығына арналған көрме өтті. Көрменің мақсаты Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның экономикалық әлеуетін көрсету, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен аймақтық  экономикалық байланыстарды нығайту мүмкіндіктерін талқылау болды. Форумда аймақтың транзиттік маршруттарды әртараптандырудағы, цифрландырудағы, сауда мен көлікті дамытудағы, сондай-ақ орнықты даму саласындағы мақсаттарды орындаудағы маңызды рөлі талқыланды. Көрмені Әзербайжан Республикасының Экономика министрлігі ұйымдастырды. Әр елдің өкілдері жеке павильондарды иеленді, онда келесі бағыттар бойынша жобалар ұсынылды: өнеркәсіп, цифрлық даму және инновация, кәсіпкерлік және туризм.

«ТехноГруппСервис» ЖШС (TGS) көрмеге ресми түрде қатысып, «InTech-Forecast» бағдарламалық жасақтамасын және «GreenLight» ЖЭК қолдау сервисін ұсынды. Көрме барысында компания өкілдері TGS жобаларын ілгерілету  мен серіктестік және клиенттік базаларды кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізді. Сондай-ақ, «Хабар» телеарнасына сұхбат беріліп, Тәжік, Түрікмен, Өзбек және Әзірбайжан серіктестерімен, сондай-ақ көрмеге қатысушы отандық компаниялармен ынтымақтастыққа бастама жасалды. TGS Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне халықаралық ауқымдағы іс-шараға қолдау көрсеткені және қатысуға шақырғаны үшін алғыс білдіреді.

Көрме аясында 24 қарашада SPECA қатысушы-мемлекеттерІ басшыларының бірінші Саммиті өткізілді, онда Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық даму мен интеграцияға жәрдем көрсету  үшін мақсатты сенімгерлік  қорын құруды және экологиялық мәселелер бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысын бастауды ұсынды. Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының (СПЕКА) елдері Еуропа мен Азия арасындағы құрлықтық көпірге айналды деп санайды.

Қазақстан 1997 жылы БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасын құрудың бастамашысы болып табылады. БҰҰ-ның арнайы бағдарламасы 1998 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанмен басталды, кейінірек оған Түркіменстан мен Әзірбайжан қосылды. Құрылтай құжатында – Ташкент декларациясында- «Бағдарламаның мақсаты ынтымақтастықты дамытуда, экономикалық дамуды ынталандыруда және Еуропа мен Азия экономикасына біріктіруде  Орталық Азия мемлекеттерін қолдау болып табылады», - деп атап өтілген.


Халықаралық энергетикалық саммит

2023 жылғы 17 қарашада Алматыда өткен Халықаралық энергетикалық саммит Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласының негізгі сын-қатерлерін талқылау алаңына айналды. Саммитте келесі сарапшылар сөз сөйледі: Исенов Баглан Какимжанович, "ОАЭК" АҚ Өндірістік-техникалық департаментінің директоры, Алимбетов Жаркымбек Копбаевич, Қазақстандық энергетиктер салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары, Гладьев Евгений Валерьевич, Samruk Kazyna-United Green LLP Бас директоры, Моминбаев Жомарт Байзакович, "Qazaq Green" ЖЭК, Қауымдастығы" ЗТБ Директорлар кеңесінің мүшесі, Копенов Едил Кудайбергенович, "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС Бас директоры, Жаңбыршы Ғалым Сәдуақасұлы, "Согра ЖЭО" ЖШС Техникалық директоры, Калменов Марат Эргалиевич, "Қазақстан-Британ Техникалық Университеті" АҚ, Бизнесті және жасыл технологияларды дамыту қызметінің басшысы,  және т. б.

Барлық қатысушылардың пікірінше, проблемалық мәселелердің бірі саладағы кадрлардың тапшылығы және энергетиктердің еңбекақысын арттыру қажеттілігі болды. Сондай-ақ, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу шаралары және жаңартылатын энергетикаға жасыл қаржыны тарту мүмкіндіктері туралы ұсыныстар айтылды.

Саммит барысында өндірістік сектордың өкілдері жаңа энергетикалық жабдықтарды пайдалану тәжірибесімен және саланы цифрландыру саласындағы жобаларды іске асыру нәтижелерімен, оның ішінде ірі гидроэлектростанциялары үшін цифрлық қосарларды құру нәтижелерімен бөлісті.


Second Party Opinion шығарылымы!

"ТехноГруппСервис" ЖШС Жасыл облигациялар саясатын тексеру үшін (Green Bond Framework (GBF) қазақстандық провайдер АХҚО Жасыл қаржы орталығы (Green Finance Centre (GFC) (https://gfc.aifc.kz/en) дайындаған Сыртқы бағаны (Second Party Opinion (SPO) алғаны туралы хабарлайды. SPO қазірдің өзінде GFC: https://gfc.aifc.kz/ ресми веб-сайтында орналастырылған, сондай-ақ Халықаралық Капитал Нарықтары Қауымдастығының (International Capital Market Association (ICMA) тұрақты облигациялар эмитенттерінің халықаралық дерекқорына енгізілді. SPO-ның шығуы Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне орайластырылған, биыл оның 30 жылдығы атап өтіледі.

"ТехноГруппСервис" ЖШС International Finance Corporation (IFC), Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігіне (ҚНДРА), "KASE" қор биржасына және АХҚО Жасыл қаржы орталығына "жасыл" облигацияларды одан әрі орналастыру үшін қажетті GBF әзірлеу және SPO шығару мүмкіндігі үшін алғыс білдіреді. Бұл шаралар Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев белсенді ілгерілетіп келе жатқан Орталық Азия елдеріндегі "жасыл" қаржыны дамыту саясатына толық сәйкес келеді (https://kz.kursiv.media/2023-11-03/fnsk-center/ )

"Жасыл" қаржы тетігін пайдалана отырып іске асырылатын бірінші жоба Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында "Кун Булагы" СЭС50 МВт салу болып табылады. Электр станциясының жылдық өнімділігі 84,9 млн.кВт*сағ құрайды, СО2 шығарындыларының алдын алу көлемі – 10,5 мың тонна.